Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары

489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктерге басшылық жасау, олардың қызметіне қатысу, олардың қызметін қаржыландыру

1. Қоғамдық бірлестік басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестіктің осы қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында айқындалған мақсаттар мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттер жасауы, –

ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қоғамдық бірлестік басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы, –

қоғамдық бірлестіктің қызметін үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –

қоғамдық бірлестіктің қызметін үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, –

қоғамдық бірлестіктің қызметіне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтар қабылдауы – заңсыз қайырмалдықтар тәркіленіп және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Саяси партияның қаржылық қызметі туралы жылдық есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және көлемде жарияламау, –

саяси партияның қызметін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта тіркеусіз жүзеге асыру, –

саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық ету, –

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметін қаржыландыру, –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

490-бап. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, дайындауға, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға тыйым салынады;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту), –

қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау, егер жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

Жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысынсыз діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін таратуы –

Қазақстан Республикасының азаматтарына – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы, –

қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, Мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не діни бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иеленуі –

қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру, –

лауазымды адамдарға-жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Уәкілетті органның келісімінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікке басшылық етуі, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағандардың ата-анасының бірі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қабылдамауы –

республикадан әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –

жеке тұлғалардың қызметіне тыйым сала отырып, оларға – екі жүз, лауазымды адамдарға үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

14.09.2022
Қараулар: 1166
coronavirusПремьер Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области