Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеті туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 9-1, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округiнiң 2019 — 2021 жылдарға арналған бюджетi тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер — 26030,0 мың теңге:

  • салықтық түсiмдер — 8231,0 мың теңге;
  • салықтық емес түсiмдер — 0 мың теңге;
  • негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;
  • трансферттер түсiмi — 17799,0 мың теңге;

2) шығындар — 26030,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 мың теңге:

  • бюджеттiк кредиттер — 0 мың теңге;
  • бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

  • қаржы активтерiн сатып алу — 0 мың теңге;
  • мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 0 мың теңге:

  • қарыздар түсiмi — 0 мың теңге;
  • қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 мың теңге.

2. Яснополян ауылдық округiнiң 2019 жылға арналған бюджетiнiң кiрiстерi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес мынадай салықтық түсiмдер есебiнен қалыптасатыны белгiленсiн:

  • Яснополян ауылдық округiнiң аумағында тiркелген жеке тұлғалардың төлем көзiнен салық салынбайтын кiрiстерi бойынша жеке табыс салығы;
  • мүлкi Яснополян ауылдық округiнiң аумағындағы орналасқан жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
  • жер учаскесi Яснополян ауылдық округiнiң ауылдарында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
  • Яснополян ауылдық округiнiң ауылдарында тiркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлiк құралдары салығы;

сыртқы (көрнекi) жарнаманы:

  • Яснополян ауылдық округiнiң аумақтары арқылы өтетiн облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде;
  • Яснополян ауылдық округiнiң аумақтары арқылы өтетiн аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде;
  • Яснополян ауылдық округiнiң ауылдарындағы үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастыру үшiн төлемақы.

3. Яснополян ауылдық округiнiң 2019 жылға арналған бюджетiнiң кiрiстерi мынадай салықтық емес түсiмдер есебiнен қалыптасатыны белгiленсiн:

  • Яснополян ауылдық округiнiң коммуналдық меншiгiнен (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгi) түсетiн кiрiстер.

4. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшiлерiне, мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметшiлерiне және қазыналық кәсiпорындардың жұмысшыларына жалақыларын толық көлемде төлеу қамтамасыз етiлсiн.

5. Яснополян ауылдық округiнiң 2019 жылға арналған бюджетiнде аудандық бюджеттен берiлетiн субвенциялар көлемi 17799,0 мың теңге сомасында есепке алынсын.

6. Осы шешiм 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
сессиясының төрағасы

Солтүстiк Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
хатшысы Қ. Шәрiпов

2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің бюджеті

05.11.2018
Қараулар: 756
coronavirusПремьер Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области