Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 444 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша  ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 444 шешіміне (2021 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы Ясная Полян ауылдық округінің 2021 - 2023 жылдарға арналған бюджеті, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кіріс - 27981 мың теңге:

салықтық түсімдер - 8412 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 19569 мың теңге;

2) шығындар - 27981 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге:

бюджеттік несиелер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану арқылы) - 0 мың теңге:

несиелер түсімі - 0 мың теңге;

несиелерді өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары – 3904,3 мың теңге ».

2. Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мынадай салық түсімдері есебінен қалыптастырылсын:

1) ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

2) ауылдық округтің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы;

3) көлік құралдарына салынатын салық:

тұрғылықты жері ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардан;

тұрғылықты жері құрылтай құжаттарында көрсетілген,  ауылдық округ аумағында орналасқан заңды  тұлғалардан;

құрылтай құжаттарында көрсетілген заңды тұлғалардан орналасқан жері ауылдық округтің аумағында орналасады.

3. 2021 жылға арналған Яснополян ауылдық округінің бюджетінде мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджеттен 1351 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімдері ескерілсін.

4. 2021 жылға арналған Яснополян ауылдық округінің бюджетіне Яснополян ауылдық округінің бюджетіне 1200 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін.

5. 2021 жылға арналған Яснополян ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция 17018 мың теңге сомасында белгіленсін;

көрсетілген шешімнің 1 және 4-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 28 Kb)

03.02.2021
Қараулар: 1960
coronavirusПремьер Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области