Тайынша қаласы город Тайынша Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округiнiң 2019-2021 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 106, 109-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округiнiң 2019-2021 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 шешiмiне (2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5166 болып тiркелдi) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

1-тармақ жана редакцияда баяндалсын:

«1. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округiнiң 2019-2021 жылдарға арналған бюджетi тиiсiнше осы шешiмге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер — 28034 мың теңге:

салықтық түсiмдер — 8953 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;

трансферттер түсiмi — 19081 мың теңге;

2) шығындар — 29711,7 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 мың теңге:

бюджеттiк кредиттер — 0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу — 0 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — -1677,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 1677,7 мың теңге:

қарыздар түсiмi — 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 1677,7 мың теңге.»;

көрсетiлген шешiмнiң 1-қосымша осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешiм 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

19.09.2019
Қараулар: 1805
coronavirusПремьер Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области