Сыбайлас жемқорлыққа қар

Сенiм телефоны: 87153673394

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153 

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» iске асыру бойынша 2022 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ведомствоаралық iс-шаралар жоспарының («Өзiңнен баста» акциясына сәйкес мемлекеттiк органның интернет-ресурсында кiрiстер туралы ақпаратты орналастыру») 6-тармағының негiзiнде «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ Яснополян ауылдық округiнiң әкiмi Темірбаев Ермукан Нурмуканұлы2022 жылға табысы:

есептелiнген жалақысы — 3850983 теңгенi құрағанын мәлiмдейдi.

Меншiк құқығындағы мүлiк: жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа қар

Яснополян ауылдық округ әкімінің
2017 жылғы 02 қазанынан
№62-ө өкімімен
бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарты

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді іске асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсыныстар жүйесінен тұрады.

2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жүріс-тұрысын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен есептеспеушілік ахуалына жету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың кері салдарын болдырмау үшін жазылған.

3. Стандарттың қағидаттары:

1) заңдылық;

2) транспаренттілік;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

4. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерімен байланысты емес.

5. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы):

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде келесілерді қамтамасыз етеді:

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік көріністері мен сарсаңға салуға жол бермеуді;
  • Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырудың ең аз мерзімін;
  • Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтің көрсетілуін;
  • Ата-тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімі, тұрғылықты жері себептеріне немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша қандай-да бір кемсітусіз қызмет алушыларға бірдей рұқсатты;

жол бермеушілік:

  • мәселені әділ шешуге мүдделі емес деп ойлауға негіз бар тұлғаға азаматтың өтінішін қарау жүктелген кезде;
  • шағым түсірген тұлғаға зиянын тигізуге немесе кімге қатысты жазылғанның мүддесіне;
  • өтініште әрекеттері шағымдалатын лауазымды тұлғаларға өтініштер бағыттауға;
  • азаматтардың келісімінсіз олардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы тарату мүмкіндігіне;
  • өтінішке қатысы жоқ азаматтың тұлғасы туралы деректерді орнатуға.

2) басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде өз құзыреті аясында қамтамасыз етеді:

  • Құзыреттіліктерді дәл шектеуді және барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісілген жұмыс істеуін;
  • лауазымдық өкілеттіктерін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмаларды шығаруға жол бермеушілікті;
  • туыстық, жерлестік және жеке адалдығы белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеушілікті;
  • меритократия қағидаттарын сақтауға;
  • қабылданатын шешімдерінің заңдылығына дербес жауапты болады.

3) нормативтік-құқықтық актілердің жобасын даярлауда қамтамасыз ететін жағдайлар:

  • нормативтік құқықтық актінің жобасын даярлауда жауапты болған құрастырушы-орган заңгерлік құрылымның қызметкерлері нормативтік құқықтық актілердің жобасын даярлауда міндетті түрде қатысуы;
  • жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді даярлауда Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палата өкілдерінің және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің міндетті түрде қатысуы;
  • жобаға ұсыныстар алу үшін қоғамдық кеңестерге азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне тиесілі нормативтік құқықтық актінің жобасын жіберу.

4) күнделікті әрекетінде:

  • Қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
  • жалпыға бірдей моральдық-әдеп нормаларын сақтайды;
  • мемлекеттік билік абыройын сақтауды және Қазақстан Республикасының беделін түсіруі мүмкін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерді болдырмауды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
  • лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға алып келетін әрекеттер және оларға негізделген жеке, топтық және өзге қызметтік емес мүдделердегі абыройларды жасауға жол бермейді;
  • кешіктірмей басшының мәліметіне және (немесе) құқық қорғау органдарына өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
  • қажет жағдайда тікелей немесе тура басшының мәліметіне мүдделер қақтығысының пайда болуы туралы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке қызығушылықтың пайда болуы туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа итеру мен сыйлықтар алу туралы хабарлайды;
  • әділ қызметтік шешімді қабылдауға әсер ете алатын өзара қатынастардың орнатылған тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына өтініш білдіруден бас тартады;
  • қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлықтар алмайды және бермейді;
  • мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе беру мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдаланбайды;
  • егер тікелей қол астындағы немесе басшылығындағы тұлға жақын туыстық қатынастарда (ата-аналары, жұбайлары, аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) болса, лауазымға тағайындалудан бас тартады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытады;
  • кешіктірмей, жазбаша түрде тікелей басшыға орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күмәні туралы хабарлайды;
  • жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды ұстанады;
  • тұрақты негізде мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың салдарын пайда болу мүмкіндігінің себептері мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылдайды;
  • қызмет тәртібін және қызмет этикасын сақтайды;
  • басшылыққа қатысты жеке адалдығына, өзінің лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылық алуға ұмтылуға жол бермейді;
  • өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

6. Басшы:

  • өзінің жүріс-тұрысымен әділдік, адалдық, риясыздық, тұлғаның ары мен қадыр-қасиетіне құрметінің үлгісі болып қызмет етеді;
  • жеке дара басқарушылық қызмет жолымен басшылықты іске асырады және қабылданатын шешімдерінің заңдылығына дербес жауапты болады;
  • қол астындағылардан олардың лауазымдық өкілеттіктерінің аясынан шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпейді;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында қол астындағы қызметкерде пайда болған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақытында жан-жақты шаралар қабылдайды;
  • сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдайды;
  • қол астындағылармен құмар ойындарына қатысуға өзіне-өзі тыйым салады;
  • қол астындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеулеріне дербес жауапты болады.

7. Мемлекеттік қызметшілер міндеттелінетін өмірлік іс – әрекет аясының өзгешелігіне орай туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде:

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және ұстануды қамтамасыз ету;
  • ауылдық округ әкімінің ақпараттық-сараптау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасын ұстануды қамтамасыз ету;
  • әкім аппараты әкімшілік ететін бюджеттік жобаны даярлауда жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында жергілікті маңыздағы мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстар талқылауға салынсын;
  • қылмыскерлікпен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
coronavirusПремьер Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области